![«Даму» қорынан шағын және орта бизнес субъектілеріне 1 миллиард теңге бөлінеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75762.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Бұл - шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған шаралардың бірі.
Биыл шағын және орта бизнес өкілдеріне несие беру үшін қала бюджетінен 500 миллион теңге, ал, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 1 миллиард теңге бөлінеді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Даму» қорынан шағын және орта бизнес субъектілеріне 1 миллиард теңге бөлінеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7893/)