Биыл Қазақ телевизиясына – 60 жыл. Осыған орай Ұлттық арнаның ардагері Әбдірәлі Бөлебай студия қонағы болды.
«Қазақ телевизиясы - үлкен мектеп. Телеарнаға 25 жасымда келдім. Театр және кино мамандығын бітірген соң, телевизияға дайындықпен келдім. Алғашында радиода қызмет атқарып, сосын арнаға ауыстым.
Қазақ радиосы және Ұлттық арна – бренд. Басқа арналардың барлығы осы қара шаңырақтан тараған. Ұлттық арнаға табыс тілеймін», - дейді телевизия ардагері.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әбдірәлі Бөлебай: Қазақ радиосы және Ұлттық арна – бренд&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78987/)