![Бүгін Ұлттық арна Франция-Румыния матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_362.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Францияда футболдан Еуропа чемпионаты басталады.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 00:20-дан бастап жарыстың ашылу салтанаты мен турнирдің алғашқы матчы Франция-Румыния ойынын тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, көрсетілім барысында арнайы студия ұйымдастырылады.
Ал, матчты венгриялық төрешілер бригадасы басқарады. Ойынның бас төрешісі – Виктор Кашшаи.
Айта кетейік, кездесудің қайталауын ертең «Kazsport» телеарнасынан сағат 13:00-де тамашалауға болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ұлттық арна Франция-Румыния матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79147/)