![Еуро-2016: Франция құрамасы Румынияны 2:1 есебімен ұтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_484.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Футболдан Еуропа чемпионатының алғашқы матчында Франция құрамасы Румыния командасын 2:1 есебімен жеңді.
Бірінші таймда қос қарсылас қанша шабуылдағанымен бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Ал, ойының екінші таймында франциялықтар сапынан алғашқы голды 57-минутта Оливье Жиру салды. Араға 7 минут салып румыниялық футболшы Станку пенальтиден есепті теңестіріп кетті.
Ал, ойынның 89-минутында Димитри Пайе Франция құрамасына жеңіс голын сыйлады.
Айта кетейік, ертең «Kazsport» сағат 18:50-де Албания-Швейцария матчын, ал, Ұлттық арна сағат 21:50-де Уэльс-Словакия және сағат 00:50-де Англия-Ресей ойынын тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016: Франция құрамасы Румынияны 2:1 есебімен ұтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79149/)