![Бүгін Ұлттық арна Франция-Албания ойынын тікелей эфирде ұсынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_723.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «А» тобындағы 2-ші турдың екінші ойыны Франция мен Албания құрамалары арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
1-ші турда Франция құрамасы Румынияны 2:1 есебімен жеңсе, албаниялық футболшылар Швейцария құрамасынан 0:1 есебімен жеңілген.
Бұған дейін екі құрама 6 рет кездескен екен. 5 ойында Франция құрамасы жеңіске жетсе, албаниялықтардың 1 ойында мерейі үстем болған. Қазіргі уақытта Франция құрамасы ФИФА рейтингінде 17 орында болса, Албания 42 орынға жайғасқан.
Айта кетейік, Франция-Албания матчының қайталауын ертең, 16 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 15:45-те тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ұлттық арна Франция-Албания ойынын тікелей эфирде ұсынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79169/)