![Еуро-2016. Украина құрамасы Солтүстік Ирландиядан 0:2 есебімен ұтылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/9/article_915.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа чемпионатының «В» тобындағы Украина мен Солтүстік Ирландия құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.
Бұл ойында Солтүстік Ирландия құрамасы Украинаны 2:0 есебімен ұтты. Бірінші таймда қос құрама алма-кезек шабуылдағанымен, қақпаға гол соғылмады. Ал, екінші тайм басында Солтүстік Ирландия футболшылары шабуылдап, 49 минутта есепті ашты. Гол авторы – Гарет Маколи. Ал, екінші голды Ниэлл МакГинн төреші қосқан қосымша уақытта салып, құрамасына маңызды 3 ұпай сыйлады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Украина құрамасы Солтүстік Ирландиядан 0:2 есебімен ұтылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79179/)