![Еуро-2016. Германия мен Польша құрамалары тең ойнады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/9/article_916.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа чемпионатының «С» тобындағы Германия мен Польша құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.
Аса тартысты өткен ойында Германия мен Польша құрамалары 0:0 есебімен тең ойнады. Екі құрама да алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соға алмады.
Айта кетейік, бұл биылғы Еуропа чемпионатындағы гол салынбаған алғашқы ойын ретінде тіркелді.
Германия - Польша (0:0)
Ескерту: Хедира 3, Озил 34, Мончиньски 45, Гросицки 55, Боатенг 67.
Германия: Нойер, Боатенг, Хектор, Хеведес, Хуммельс, Гетце (Шюррле 66), Кроос, Озил, Хедира, Дракслер (Гомес 72), Мюллер.
Польша: Фабианьски, Глик, Енджейчик, Пишчек, Паздан, Блашчиковски (Капустка 80), Крыховяк, Мончиньски (Йодловец 76), Гросицки (Пешко 87), Милик, Левандовски.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Германия мен Польша құрамалары тең ойнады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79180/)