![Бүгін Ұлттық арна Испания-Түркия ойынын тікелей эфирде ұсынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/9/article_919.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «D» тобындағы 2-ші турдың екінші ойыны Испания мен Түркия құрамалары арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
1-ші турда Испания құрамасы Чехияны 1:0 есебімен жеңсе, Түркия футболшылары Хорватия құрамасынан 0:1 есебімен ұтылған.
Бұған дейін екі құрама 14 рет кездескен екен. 8 ойында Испания құрамасы жеңіске жетсе, түркиялықтардың 1 ойында мерейі үстем болған. 5 ойын тең нәтижемен аяқталған.
Қазіргі уақытта Испания құрамасы ФИФА рейтингінде 6 орында болса, Түркия 18 орынға жайғасқан.
Айта кетейік, Испания-Түркия матчының қайталауын ертең, 18 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 09:45-те тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ұлттық арна Испания-Түркия ойынын тікелей эфирде ұсынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79183/)