![Еуро-2016. Бельгия құрамасы Ирландияны 3:0 есебімен ұтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1038.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа чемпионатының «Е» тобындағы Бельгия мен Ирландия құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.
Бұл ойында Бельгия құрамасы Ирландияны 3:0 есебімен ұтты. Ойынның бірінші таймында құрамалар алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады.
Ал, екінші тайм бастала сала, яғни 48-минутта Ромелу Лукаку гол салып, есепті ашты. Араға 12 минут салып Аксель Витсель есепті 2:0-ге жеткізсе, 70-ші минутта Ромелу Лукаку дубль жасап, Бельгия құрамасына маңызды 3 ұпай сыйлады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Бельгия құрамасы Ирландияны 3:0 есебімен ұтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79190/)