![Еуро-2016. Португалия мен Австрия құрамалары тең ойнады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1047.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа чемпионатының «F» тобындағы Португалия мен Австрия құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.
Аса тартысты өткен ойында Португалия мен Австрия құрамалары 0:0 есебімен тең ойнады. Екі құрама да алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соға алмады. Айта кетейік, матчтың 79-шы минутында португалиялық футболшы Криштиану Роналду 11 метрлік айып добын орындай алмады.
Сондай-ақ, бұл матч биылғы Еуропа чемпионатындағы гол салынбаған екінші ойын ретінде тіркелді. Бұған дейін, Германия мен Польша құрамалары арасындағы ойында да есеп ашылмаған болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Португалия мен Австрия құрамалары тең ойнады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79192/)