![Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Швейцария-Франция матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1049.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «А» тобындағы Швейцария мен Франция құрамалары арасындағы 3-ші тур ойындары өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
1-ші турда Швейцария құрамасы Албанияны 1:0 есебімен ұтқан. Екінші турда Румыниямен 1:1 есебімен тең ойнаған. Ал, Франция құрамасы алғаш Румынияны 2:1, 2-ші турда Албания құрамасын 2:0 есеебімен жеңген.
Бұл ойынға дейін Швейцария мен Франция құрамалары 39 рет кездескен. Швейцария 12 ойында жеңіске жетсе, Франция 18 рет ұтқан. 9 матч тең аяқталған.
FIFA рейтингінде Швейцария 15-ші орында, Франция құрамасы 17-ші сатыда орналасқан.
Айта кетейік, Швейцария-Франция матчының қайталауын ертең, 20 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 15:10-да көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Швейцария-Франция матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79194/)