![Еуро-2016. Албания құрамасы Румынияны 1:0 есебімен ұтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1081.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа чемпионатының «А» тобындағы Румыния мен Албания құрамаларының арасындағы 3-ші тур ойыны аяқталды.
Бұл ойында Албания құрамасы Румынияны 1:0 есебімен ұтты. Бірінші таймның 43-минутында Албания құрамасының футболшысы Армандо Садику гол салып, құрамасын алға шығарды. Ал, екінші таймда құрамалар алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады. Қорытынды есеп – 1:0.
Айта кетейік, Еуропа чемпионатына тұңғыш рет қатысып жатқан Албания құрамасы біріншіліктегі тұңғыш голы мен алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Албания құрамасы Румынияны 1:0 есебімен ұтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79196/)