![Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Ресей-Уэльс матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1082.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «В» тобындағы Ресей және Уэльс құрамаларының арасында 3-ші тур ойыны өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 00:50-де назарларыңызға ұсынады.
Ресей құрамасы бірінші турда Англиямен 1:1 есебімен тең ойнап, 2-ші турда Словакиядан 1:2 есебімен ұтылған. Ал, Уэльс футболшылары алғашқы турда Словакия құрамасын 2:1 есебімен ұтса, екінші турда Англиядан 1:2 есебімен ұтылған.
Екі құрама бұған дейін 4 ойын өткізген. Оның 3 матчында Ресей құрамасы жеңіске жеткен болса, 1 ойын тең аяқталған.
FIFA рейтингінде Ресей 29-шы орында, Уэльс құрамасы 26-шы сатыда орналасқан.
Айта кетейік, Ресей-Уэльс ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 21 маусымда, сағат 10:50-де көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Ресей-Уэльс матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79197/)