![Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Словакия-Англия матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1083.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «В» тобындағы Словакия мен Англия құрамалары арасындағы 3-ші тур ойындары өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
1-ші турда Словакия құрамасы Уэльстен 1:2 есебімен ұтылса, екінші турда Ресей футболшыларын 2:1 есебімен ұтқан. Ал, Англия құрамасы алғаш Ресеймен 1:1 есебімен тең ойнаса, 2-ші турда Уэльс құрамасын 2:1 есебімен жеңген.
Бұл ойынға дейін Словакия мен Англия құрамалары 3 рет кездескен. Үш матчта да Англия құрамасы жеңіске жеткен.
FIFA рейтингінде Словакия 24-ші орында, Англия құрамасы 11-ші сатыда орналасқан.
Айта кетейік, Словакия-Англия матчының қайталауын ертең, 21 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 13:40-та көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Словакия-Англия матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79198/)