![Бүгін Ұлттық арна Хорватия-Испания ойынын тікелей эфирде ұсынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1188.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «D» тобындағы 3-ші турдың ойындары Хорватия мен Испания құрамалары арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
1-ші турда Испания құрамасы Чехияны 1:0, екінші турда Түркияны 3:0 есебімен ұтқан. Ал, Хорватия футболшылары 1-ші турда Түркияны 1:0 есебімен ұтса, екінші турда Чехия құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнаған.
Бұған дейін екі құрама 5 рет кездескен екен. 1 ойында Хорватия құрамасы жеңіске жетсе, испаниялықтардың 3 ойында мерейі үстем болған. 1 ойын тең нәтижемен аяқталған.
Қазіргі уақытта Хорватия құрамасы ФИФА рейтингінде 27-ші орында болса, Испания 6-шы орынға жайғасқан.
Айта кетейік, Хорватия-Испания матчының қайталауын ертең, 22 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 18:05-те тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ұлттық арна Хорватия-Испания ойынын тікелей эфирде ұсынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79202/)