![Бүгін Ұлттық арна Швеция-Бельгия ойынын тікелей эфирде ұсынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1294.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Е» тобындағы 3-ші турдың ойындары Швеция мен Бельгия құрамалары арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
1-ші турда Швеция құрамасы Ирландиямен 1:1 есебімен тең ойнаса, екінші турда Италиядан 0:1 есебімен ұтылған. Ал, Бельгия футболшылары 1-ші турда Италиядан 0:2 есебімен ұтылса, екінші турда Ирландия құрамасын 3:0 есебімен ұтқан.
Бұған дейін екі құрама 14 рет кездескен екен. 5 ойында Швеция құрамасы жеңіске жетсе, бельгиялықтардың 7 ойында мерейі үстем болған. 2 ойын тең нәтижемен аяқталған.
Қазіргі уақытта Швеция құрамасы ФИФА рейтингінде 35-ші орында болса, Бельгия 2-ші орынға жайғасқан.
Айта кетейік, Швеция-Бельгия матчының қайталауын ертең, 23 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 17:50-де тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ұлттық арна Швеция-Бельгия ойынын тікелей эфирде ұсынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79208/)