![Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Швейцария–Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1532.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінің ойындары басталады. Алғашқы ойын Швейцария және Польша құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 18:50-де назарларыңызға ұсынады.
Топтық кезеңде Швейцария құрамасы «А» тобында сынға түскен. 3 ойында 5 ұпай жинап, өз тобында 2 орын алған болатын. Ал, Польша құрамасы «С» тобының 2-ші орын иегері. 3 ойында 7 ұпай жинаған.
Екі құрама бұған дейін 10 ойын өткізген. Оның 1 матчында Швейцария құрамасы жеңіске жетсе, Польша құрамасы 4 ойында ұтқан. Ал, 5 ойын тең аяқталған.
FIFA рейтингінде Швейцария 15-ші орында, Польша құрамасы 27-ші сатыда орналасқан.
Айта кетейік, Швейцария–Польша ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 26 маусымда, сағат 08:05-те көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Швейцария–Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79220/)