![Еуро-2016. Уэльс құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1605.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Уэльс пен Солтүстік Ирландия құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.
Бұл ойында Уэльс құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтты. Бірінші таймда құрамалар алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады.
Ал, екінші таймның 75-ші минутында Солтүстік Ирландия құрамасының футболшысы Гарет Маколи өз қақпасына гол соғып алды. Сөйтіп, Уэльс құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, чемпионаттың ширек финалына шықты.
Уэльс – Солтүстік Ирландия 1:0
Гол: 1:0 – 75, автогол Маколи.
Уэльс – Хеннесси, Уильямс, Дэвис, Тэйлор, Честер, Бэйл, Аллен, Ледли (Уильямс, 63), Рэмзи, Гантер, Воукс (Робсон-Кану, 55).
Солтүстік Ирландия – Макговерн, Маколи (Маженнис, 84), Эванс, Хьюз, Кэткарт, Норвуд (Макгинн, 79), Дэвис, Даллас, Эванс, Уорд (Уошингтон, 69), Лаферти.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Уэльс құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79224/)