![Еуро-2016. Франция құрамасы чемпионаттың ширек финалына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1634.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Франция пен Ирландия құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.
Бұл ойында Франция құрамасы Ирландияны 2:1 есебімен ұтты. Төреші ысқырығы естілгеннен-ақ Ирландия құрамасы шабуылға кірісіп, 2-ші минутта жылдам гол соқты. Гол авторы – Робби Брэйди.
Ал, матчтың екінші таймын алаң иелері шабуылмен бастады. Нәтижесінде, ойынның 57-ші және 61-ші минутында Франция құрамасының ойыншысы Антуан Гризманн гол салып, құрамасына маңызды жеңіс сыйлады.
Франция – Ирландия 2:1
Гол: 0:1 – 2, пенальти Брэйди, 1:1 – 57 Гризманн, 2:1 – 61 Гризманн.
Франция – Льорис, Рами, Эвра, Санья, Косьельни, Матюиди, Канте (Коман, 46, Сиссоко, 90), Пайет, Погба, Гризманн, Жиру (Жиньяк, 74).
Ирландия – Рэндолф, Кио, Уорд, Коулмэн, Даффи, Брэйди, Маккарти (Хулахан, 72), Хендрик, Макклейн (О′Ши, 69), Лонг, Мерфи (Уолтерс, 65).
Ескерту: Коулмэн (25), Канте (27), Хендрик (41), Рами (44), Лонг (75).
Қызыл қағаз: Даффи (66).
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Франция құрамасы чемпионаттың ширек финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79229/)