Бүгін Ұлттық арна Англия-Исландия ойынын тікелей эфирде ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Англия-Исландия ойынын тікелей эфирде ұсынады

27.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Англия-Исландия ойынын тікелей эфирде ұсынады

Бүгін Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі соңғы ойын Англия және Исландия құрамаларының арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Топтық кезеңде Англия құрамасы «В» тобында сынға түскен. 3 ойында 5 ұпай жинап, өз тобында 2-ші орын алған болатын. Исландия құрамасы да «F» тобының 2-ші орын иегері. 3 ойында 5 ұпай жинаған.

Айта кетейік, Англия–Исландия матчының қайталауын ертең, 28 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 19:20-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу