![Еуро-2016. Португалия құрамасы жартылай финалға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_2030.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа чемпионатының ширек финал кезеңіндегі алғашқы Польша мен Португалия құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.
Бұл ойында Португалия құрамасы Польшаны ойын соңындағы пенальти серисында 5:3 есебімен ұтты. Ойынның негізгі минутында құрамалар 1:1 есебімен тең ойнаған еді.
Алғашқы голды бірінші таймның 2-ші минутында Польша құрамасының футболшысы Роберт Левандовски гол салып, есепті ашты. Ал, 33-ші минутта Ренату Саншеш есепті теңестірді.
Ойынның екінші таймда гол соғылмады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Португалия құрамасы жартылай финалға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79241/)