![Еуро-2016. Португалия құрамасы финалға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_2480.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа чемпионатының жартылай финал кезеңіндегі Португалия мен Уэльс құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.
Бұл ойында Португалия құрамасы Уэльсті 2:0 есебімен ұтты. Бірінші таймда қақпаға гол соғылмады. Ал, екінші таймда Португалия құрамасы 2 гол салды. Алғаш, 50-ші минутта Криштиану Роналду есепті ашса, араға 3 минут салып Нани есепті 2:0-ге жеткізді.
Сөйтіп, Португалия құрамасы турнирдің финалына жолдама алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Португалия құрамасы финалға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79250/)