![Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия – Франция матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_2479.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Еуропа чемпионатының жартылай финал кезеңіндегі екінші ойын Германия – Франция құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Германия құрамасы ширек финал кезеңінде Италияны ойын соңындағы пенальти сериясында ұтса, Франция құрамасы Исландияны 5:2 есебімен жеңген.
Бұл ойынға дейін Германия мен Франция құрамалары 27 рет кездескен. 9 матчта Германия құрамасы жеңіске жетсе, Франция 12 кездесуде ұтқан. 6 кездесу тең аяқталған.
Айта кетейік, Германия – Франция матчының қайталауын ертең, 8 шілдеде «Kazsport» телеарнасынан сағат 19:10-да көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия – Франция матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79251/)