![Еуро-2016. Франция құрамасы финалға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_2575.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа чемпионатының жартылай финал кезеңіндегі Германия мен Франция құрамаларының арасындағы соңғы ойын аяқталды.
Бұл ойында Франция құрамасы Германияны 2:0 есебімен ұтты. Бірінші таймның соңғы минутында Антуан Гризман 11 метрлік айып добынан есепті ашса, екінші таймның 72-ші минутында есепті 2:0-ге жеткізді.
Сөйтіп, Антуан Гризманның 2 голы Франция құрамасын финалға шығарды. Финалда Франция құрамасы Португалиямен ойнайды.
Айта кетейік, Еуропа чемпионатының финалын 10-шы шілде күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Франция құрамасы финалға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79252/)