![Франция мен Португалия президенттері Еуро-2016 финалына қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_2721.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Франция президенті Франсуа Олланд пен Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза футболдан Еуропа чемпионатының финалдық матчына мәртебелі қонақ ретінде қатысады, деп хабарлайды УЕФА.
Сонымен қатар, Франция-Португалия ойынына Монако князьі Альбер ІІ, ОАР президенті Джейкоб Зума, ФИФА басшысы Джанни Инфантино, УЕФА вице-президенті Анхель Мария Вильяр қатысады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, Францияның Сен-Дени қаласында өтетін матчты Қазақстан Ұлттық телеарнасы сағат 00:50-де тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Франция мен Португалия президенттері Еуро-2016 финалына қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79255/)