![«Атлетико Мадрид» «Эспаньолды» тізе бүктірте алмады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_13098.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін футболдан Испания чемпионатының 14-ші туры аясында мадридтік «Атлетико» өз алаңында Барселонадан келген «Эспаньолды» қабылдады. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Екі команда 2 тайм ішінде бір-біріне гол сала алмады. Негізінен қауіпті сәттер аз болды. «Атлетико» бірінші номермен ойнап, қарсылас команда қарымта шабуылмен оған төтеп берді. Кездесудің негізгі қаһармандары - екі клубтың қақпашылары Диего Лопес (Эспаньол) пен Ян Облак (Атлетико). Олар қақпаларын төнген қауіпті шеберліктерінің арқасында қайтарып, ойынды бірде-бір гол өткізбей аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, «Атлетико Мадрид» - «Эспаньол» кездесуін көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Атлетико Мадрид» «Эспаньолды» тізе бүктірте алмады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79360/)