![Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері болып Игорь Утробин тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_13511.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері болып Игорь Утробин тағайындалды. Бұл туралы Футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Утробин Игорь Владимирович 1965 жылы туған. Алматы университетін бітірген. Футболдан бапкер-оқытушы.
Игорь Утробин ойыншы ретінде келесі ұжымдарда ойнаған:
«Жетісу» ФК (1982 — 1984);
«Скиф» ФК (1986-1987) ;
«Металлург» ФК (Запорожье) (1986-1987);
«Восток» ФК(1989-1991);
«Шахтер» ФК (1991-1992) ;
«Достық» ФК (1992-1993) ;
«Восток» ФК (1993-1994) ;
«Қайрат» ФК (1994-1995.
Және де түрлі спорт қызметкері болып істеген:
«Цесна-Тау» компаниясы (1995-1999) — спорт директоры;
«Цесна» ФК (2000-2004) — атқарушы директор;
«ФСК Алматы» ФК (2004-2007) — балалар-жасөспірімдер футболы бойынша маман;
«Алматы» ФК (2007) — спорт директоры;
Қазақстан футбол федерациясы (2004-2012) — балалар-жасөспірімдер футболы департаменті директорының орынбасары;
Қазақстан футбол федерациясы (2012 жылдан бері) — балалар-жасөспірімдер футболы департаментінің аға маманы болған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері болып Игорь Утробин тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79387/)