![FIFA Әлем чемпионатына 48 команда қатысатынын ресми түрде мәлімдеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_14367.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
FIFA (Халықаралық футбол қауымдастығы) кеңесі Әлем чемпионатының ақтық кезеңіне қатысатын командалар санын 32-ден 48-ге арттыру туралы шешім қабылдады.
Жаңа формат 2026 жылдан бастап қолданысқа енеді. Топтық кезеңде 48 құрама 16 топқа бөлініп, үздік шыққан екі құрама плей-офф кезеңіне жолдама алады. Бұл істің мән-жайы кейінірек белгілі болады.
2026 жылға Әлем чемпионатының өтетін орны 10 мамыр күні Малайзияның Куала-Лумпур қаласында FIFA конгресінде белгілі болады. Бұл турнирді Үндістан, Қытай, Эквадор, Боливия, Перу және Парагвай елдері өткізуге ниет білдіріп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=FIFA Әлем чемпионатына 48 команда қатысатынын ресми түрде мәлімдеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79428/)