«Атырау» футбол клубы жеңіссіз өткізген 4 ойыннан кейін Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. Бұл - кейінге шегерілген чемпионаттың 8-ші турының ойыны болатын. Есепті матчтың 12-ші минутында атыраулық Марат Хайруллин ашты. Оның алыстан тепкен добы қақпаның тоғыздығына дәл түсті. Осылай бірінші тайм 1:0 есебімен атыраулықтардың пайдасына шешілді. Екінші таймда атыраулық футболшылар шабуылдарын үдете түсті. Ойынның 77-ші минутында Марат Хайруллиннен оңтайлы пас алған Елдар Әбдірахманов есепті 2:0 ге жеткізді.
Алайда, көкшеліктер 3 минут өте сала, алаңға тыңнан қосылған Әлібек Бөлешовтың баспен ұрған соққысынан соң қарымта бір гол соқты. «Атырау» әзірге турнир кестесінде 9-шы орында келеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Атырау» клубы «Оқжетпес» командасынан басым түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79478/)