Бүгін түнде УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Астана» футбол клубы сырт алаңда Шотландияның 48 дүркін чемпионы «Селтик» командасымен күш сынасады. Аталған матч Астана уақытымен түнгі сағат 00:30-да басталады. Матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Естеріңізде болса, бұған дейін қос команда өткен маусымда Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде кездескен. Екі кездесудің қорытындысында шотландиялық ұжым 3:2 есебімен келесі кезеңге өтіп, елордалық команда Еуропа лигасына жол тартқан еді. Араға бір жыл салып, осы екі команданың жолы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде қайта түйісті. Сонымен қатар, қазақстандық сарапшылардың айтуынша, елордалық футболшылардың топтық кезеңге өтуге шамасы жетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Селтик» - «Астана» матчы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79481/)