11 желтоқсан күні Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребе тастау рәсімі өтеді. Онда 1/16 финалдағы «Астананың» қарсыласы анықталады.
«Астана» топтағы соңғы ойында «Славияны» ұтқаннан кейін УЕФА-ның клубтар рейтингінде 5 орынға жоғарылап, 67-ші орынға табан тіреді.
«Qazsport» телеарнасы Чемпиондар Лигасының жеребе рәсімін 17:00-де ал, Еуропа Лигасының жеребе рәсімін 18:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazsport» арнасы УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребе тастау рәсімін тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79487/)