![«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Қайрат»-«Хапоэль Беэр-Шева» матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_130637.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық жанкүйерлер Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы - «Қайрат» пен израильдік «Хапоэль Беэр-Шева» арасындағы ойынды тікелей эфирде тамашалай алады.
1 тамызда Алматыда өтетін ойынды «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:30-да басталады.
Алғашқы ойында қазақстандық клуб «Хапоэль Беэр-Шеваға» 2:0 есебімен ұтылған болатын.
«Қайрат» Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына шыққан жағдайда «Норрчепинг» (Швеция)-«Лиепая» (Латвия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Қайрат»-«Хапоэль Беэр-Шева» матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79502/)