«Барыс» ойыншылары «Назарбаев Университетінде» қонақта болып қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» ойыншылары «Назарбаев Университетінде» қонақта болып қайтты

03.10.2016
«Барыс» ойыншылары  «Назарбаев Университетінде» қонақта болып қайтты

«Барыс» ойыншылары  «Назарбаев Университеті» студенттерімен кездесті.

Брэндон Боченски, Найджел Доус, Роман Савченко және Дамир Рыспаев оқу орнының дәстүрі бойынша таныстыру экскурсиясы кезінде ЖОО-ның кітапханасындағы фотосессияға қатысты. Содан кейін хоккейшілер студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Ал екі ең қызықты сауал авторларына маусымдық абонемент сыйлады.

Бұдан басқа, «Барыс» вице-президенті 2010 жылы негізі қаланғандығының символы ретінде «Назарбаев Университетіне»  10-шы нөмірлі свитерді сыйға тартты. Әрине, атақты ойыншылармен түскен ешкім фотосыз және қолтаңбасыз ешкім қалған жоқ.  ЖОО мен хоккей клубының басшылығы арасындағы келісімге сәйкес университет оқытушылары мен студенттері үшін 50 пайыздық жеңілдігі бар абонемент шығарылады. Мұндай кездесулерді  «Барыс» басқа да Астана қаласының университеттерінде өткізуді жоспарлап отыр.

 

1

2

3

4

5

6

6

5

Дерек көзі: hcbarys.kz

 

Хабарламаларға жазылу