![«Kazsport» телеарнасы бүгінгі «Барыс» - «Авангард» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_13890.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін, 28 желтоқсан күні Астана қаласында жергілікті «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында омбылық «Авангард» ХК-мен кездеседі. Бұл матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.Трансляцияның басталуы 19:20-да.
Қазақстандық хоккей клубы плей-офф кезеңіне өтуге барын салуда. Дәл қазір «Шығыс» конференциясында 62 ұпайымен 7-ші орында келе жатыр. «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы соңғы ойында конференцияның көшбасшысы магнитогорсктік «Металлургті» тартысты ойында 5:3 есебімен басым түсіп, енді екінші орында жайғасқан азулы қарсылас - «Авангард» ХК-ына қарсы ойындада өз бағын сынап көрмек.
Командалар арасында өткен соңғы ойында омбылық клуб өз мұз айдынында 3:1 есебімен астаналық клубты жеңген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, матчты kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Kazsport» телеарнасы бүгінгі «Барыс» - «Авангард» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79531/)