8 қаңтар күні Астанада елордалық «Барыс» 2017 жылдағы үшінші матчын өткізбек. Бұл жолғы қарсылас - ресейлік «Торпедо» ХК. Кездесуді «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Трансляцияның басталуы 16:50-де.
Соңғы рет командалар 29 қыркүйек күні кездесіп, сырт алаңда болған ойында қазақстандық клуб 3:2 есебімен есе жіберген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, матчты kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар.