![Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_14612.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бірінші орта салмақ бойынша WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы отандасымыз кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 17 ақпанда 23-ші кездесуін өткізеді., деп хабарлайды боксшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобы.
Қанат Исламның қарсыласы бразилиялық Робсон Ассис (Robson Assis) осы уақытқа дейін 19 кездесу өткізген. 3 рет жеңіліп, 16 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 9 кездесуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан. Отандасымыз 17 ақпанда өтетін Рой Джонстың Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласында өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79695/)