![Василий Левит неміс боксшысын нокдаунға жіберді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_15523.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит спарринг кезінде аса ауыр салмақтағы неміс боксшысын нокдаунға жіберді. Бұл туралы қазақстандық спортшының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Team LEVIT» ресми тобы хабарлайды.
Жекпе-жек Талғардағы базада Қазақстан Ұлттық құрамасының Германия және АҚШ командаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны аясында өткен.
«Бүгін Василий Левит Германия боксшысы Макс Келлермен спарринг өткізді. Екінші раундта Василий неміс спортшысын нокдаунға жіберді. Германия боксшысы аса ауыр салмақта екендігін айта кетейік», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Василий Левит неміс боксшысын нокдаунға жіберді &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79703/)