![Арыстанбек Мұхамедиұлы EXPO-2017 көрмесіне арналған бокс кеші өтетінін растады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_15537.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы EXPO-2017 көрмесіне арналған бокс кеші өтетінін растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
«Әрине, спорт шаралары EXPO аясындағы жетекші орында - бұл бес әлем чемпионатын, екі Азия чемпионатын, Президент кубогі - теннистен халықаралық турнирін, «Жібек жолы - 2017» халықаралық раллиін өткіземіз, ол Мәскеуде басталып, кейін Астан, Бейжіңге барады. Дүниежүзілік бокс кеңесінің халықаралық мерейтойлық 55-ші конвенциясы мен бокс кешін өткіземіз», - деді Мұхамедиұлы.
Еске салайық, осыған дейін 10 маусымда EXPO-2017 аясында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBO бойынша белбеу иегері, ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) кездеседі деген ақпарат тараған еді. EXPO баспасөз қызметіндегілер келіссөздердің жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Арыстанбек Мұхамедиұлы EXPO-2017 көрмесіне арналған бокс кеші өтетінін растады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79706/)