![Қанат Ислам Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа жіберді (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_15588.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассиске қарсы өткізген жекпе-жекте жеңіске жетті. Қолғап түйістірген боксшылар арасындағы жұдырықтасу 1 раундқа созылып, отандасымыздың бразилиялықты нокаутқа жіберуімен аяқталды.
Бұл жекпе-жек Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 23-ші жекпе-жегі. Қазақстандық боксшы 23 жұдырықтасуының біреуінде де жеңіліп көрмеген және 19-ын нокаутпен аяқтаған.
Қанат Ислам мен Робсон Ассис арасындағы жекпе-жек Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) өтті. Бұл боксшылар кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қанат Ислам Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа жіберді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79712/)