![Геннадий Головкин кезекті жеңісіне жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_16315.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада емес, басқа қалада өтуі мүмкін. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер айтты. Оның сөзінше, келесі қарсылас - британдық Билли Джо Сондерс болуы ықтимал. Бірақ, осы жекпе-жекті әуелі Қазақстанда ұйымдастыру ұсынылады.
Егер қарсы тарап құптасама, Лондонда өтуі де мүмкін. Ал, бұған дейін Головкин - Сондерс кездесуі маусым айында Астанада, «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында өтеді деген ақпарат тараған еді. Әзірге, әліптің артын бағайық.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Геннадий Головкин кезекті жеңісіне жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79722/)