Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қарсыласы мексикалық Густаво Гарибайды нокаутқа түсіріп, кәсіпқой рингтегі 21-ші жеңісіне қол жеткізді.
Жекпе-жектің үшінші раундында Тұраров қарсыласын нокдаунға түсірген. Кейін үдете соққан соққысынан раунд аяқталар тұста рефери жұдырықтасуды тоқтатты. Боксшылар арасындағы бұл кездесу АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен болатын.
Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 15-і уақытынан бұрын аяқталды. Гарибай өз кезегінде мансап жолында 9-шы рет жеңіліс тауып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Жанқош Тұраров пен Густаво Гарибай арасныдағы тікелей эфирде көрсеткен «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79727/)