Қанат Исламның америкалық боксшы Джеймс Кирклендпен жекпе-жегі 9-қыркүйекте өтеді. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында белгілі болды. Кәсіби бокс «ЭКСПО» көрмесі аясында ұйымдастырылмақ. Жекпе-жекке кіру билеттерінің бағасы әзірге белгісіз. Бір анығы – барша қазақстандықтар жылдың маңызды спорттық шарасын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Kazsport» телеарналарынан тікелей тамашалайды.
Айта өтейік, Ұлттық арна Қанат Исламның кәсіби рингтегі алғашқы қадамдарынан бастап, әр жекпе-жегін қалт жібермей, үздіксіз көрсетіп келеді.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада Қанат Исламның жекпе-жегі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79730/)