![Астанадағы финалдық кездесу: Антон Пинчук кубалық боксшыға есе жіберді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/9/article_98887.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясының 7-ші маусымының шешуші айқастары өтуде.
91 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Антон Пинчук пен Эрисланди Савонның арасындағы жекпе-жек барынша тартысты өтіп, төрешілердің шешімімен кубалық қабылан жеңіске жетті.
Бұған дейін алғашқы жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов пен Йоханус Аргилагос кездесіп, қазақ боксшысының жеңіске жеткенін хабарлаған едік.
Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана арландары» 2012/2013 жылдары және 2015 жылы екі рет чемпиондық атаққа қол жеткізген болса, «Куба қабылдандары» 2013/2014 жылдары және 2016 жылы жеңімпаз атанды.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы финалдық кездесу: Антон Пинчук кубалық боксшыға есе жіберді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79732/)