Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Оның қарсыласы бразилиялық боксшы Гильберто Перейро Дос Сантос кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, оның 14-інде нокаутпен жеңген.
6 раундқа созылған жекпе-жекте отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы қарсыласына ауыр соққыларын дарыта отырып, 54-60 ұпай санымен басым түсті.
Бүгінгі кештің негізгі жекпе-жегі Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы тартыс.
Айта кетейік, бокс кешін тікелей эфирде «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары көрсетіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық қарсыласынан басым түсті (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79752/)