![Норвегиялық мұнай компаниялары жұмысшыларын жаппай қысқартпақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75805.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Норвегиялық мұнай компаниялары қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығаруда. Мәселен, елдің ең ірі «қара алтын» өндіруші компаниясы «Statoil» 12 мың инженерін қысқартатынын ескертті.
Оған басты себеп - мұнай импорттаушы елдердің азаюы. Бұл қадам арқылы компания 2016 жылы 1,7 миллиард доллар үнемдемек.
Ал, елдің тағы бір мұнай алпауыты «Aker Solutions» бүгінгі күнге дейін 500 қызметкерін қысқартқан, тағы 300-і жуырда жұмыстан шығарылмақ.
Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Норвегиялық мұнай компаниялары жұмысшыларын жаппай қысқартпақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7977/)