Оныншы жұп - маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов пен қызылордалық Мақсат Исағабылов. Нұрдәулет Жарылғапов - аса ауыр салмақты палуандардың бірі (135 кг). Турнирге 2015 жылдан бері қатысып келеді. Лақап аты – «Қара бура»
Қызылордалық палуан Мақсат Исағабылов жарысқа тұңғыш рет қатысуда. Лақап аты – «Сыр барысы».
Айта кеткен жөн, биылғы «Қазақстан барысына» Қызылорда облысының үш бірдей палуаны қатысып отыр.
Белдесуде маңғыстаулық палуан басым түсті. Енді Нұрдәулет Жарылғапов 8/1 финалда Еламан Ерғалиевпен кездеседі.
Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов Мақсат Исағабыловты таза жеңді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79885/)