Алматылық палуан Руслан Әбдіразақов атыраулық Кенжебек Күзенбаевпен күш сынасты. Қос палуан арасындағы бұл белдесу Руслан Әбдіразақовтың таза жеңісімен аяқталды.
Келесі айналымда ол ағасы Ұлан Рысқұлмен жолығады.
Айта кетсек, Кенжебек Күзенбаев - бүгінгі турнирдегі ең ауыр палуан (145,8 кг). «Қазақстан барысына» 2012 және 2016 жылдары қатысқан. Бірінші айналымда батысқазақстандық Ерназар Хамзиннен басым түсті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматылық палуан Руслан Әбдіразақов пен атыраулық Кенжебек Күзенбаев&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79900/)