Тұңғыш «Қазақстан барысы» Ұлан Рысқұл мен «Әскер барысы» Еламан Ерғалиев алтын тайтұяқ пен бас жүлдені сарапқа салды. Турнирдің басты белдесуі Еламан Ерғалиевтің таза жеңісімен аяқталды. Осылайша, ол «Қазақстан барысы-2017» турнирінің жеңімпазы атанды.
«Қазақстан барысы-2017» бәсекесінің екінші орын иегері – бозкілемге Алматы облысының атынан шыққан Ұлан Рысқұл болса, үшінші жүлде шығысқазақстандық Айбек Нұғымаровта.
Естеріңізге саламыз, ұлттық спорт жанкүйерлері бәсекені «Қазақстан» және «Kazsport» арналарынан тікелей эфирде тамашалады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=7-ші «Қазақстан барысы» турнирінің алтын белбеу иегері Еламан Ерғалиевті жеңісімен құттықтаймыз!&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/79902/)