![Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресейдің Түмен облысы арасындағы тауар айналым артады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75816.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алдағы уақытта да екі өңір арасындағы әріптестік нығайып, сауда-саттық жандана түседі.
Түменге арнайы барған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов өндіріс ошақтарын аралап, экономикалық-техникалық әлеуетімен танысты.
Инвестициялық форумда екіжақты келісімдерді нығайту, сауда-саттықты жандандыру, инвесторлар тарту жолдарын талқылады.
Қазіргі күні Қазақстанға Түменнен негізінен ағаш, шыны өнімдері мен ет-сүт импортталады.
Ал, Ресейге азық-түлік пен құрылыс материалдары саудаланады. Бұл үрдісті жалғастыру үшін екі өңірдің басшылары әріптестікті нығайту жайлы меморандумға қол қойды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресейдің Түмен облысы арасындағы тауар айналым артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7998/)