![Қазгидромет: 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80567.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
6 ақпан күні республика аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады.
Жер-жерлерде қар, боран, қатты жел, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с-қа күшейеді, кейбір аудандарында тұман, көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазгидромет: 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80014/)